«Оскар» жүлдесіне үміткерлер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» жүлдесіне үміткерлер анықталды

18.01.2014
«Оскар» жүлдесіне үміткерлер анықталды
АҚШ-тың киноөнер академиясы ең танымал «Оскар»-2014 киножүлдесіне үміткерлерді анықтады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
 
«Оскар»-2014 шарасында «Жылдың үздік фильмі» аталымына «Двенадцать лет рабства», «Афера по-американски», «Капитан Филлипс», «Гравитация», «Небраска», «Филомена», «Волк с Уолл-стрит», «Даллаский клуб покупателей» және «Она» фильмдері үміткер.
 
Сондай-ақ, үміткер бес режиссер бар. Олар: Дэвид О.Рассел («Америкалық қулық Афера по-американски»), Альфонсо Куарон («Гравитация»), Александр Пейн («Небраска»), Мартин Скорсезе («Волк с Уолл-стрит») және Стив Маккуин («Двенадцать лет рабства»).
 
 «Үздік драмалық актер» аталымына Брюс Дерн («Небраска»), Леонардо Ди Каприо («Волк с Уолл-стрит»), Мэтью Макконахи («Даллаский клуб покупателей»), Чиветель Эджиофор («Двенадцать лет рабства») және  Кристиан Бейл («Афера по-американски») таңдалып алынған.
 
Ал дәл осы  «Үздік драмалық актер» аталымына әйелдер арасында Эми Адамс («Афера по-американски»), Кейт Бланшет («Голубой жасмин»), Сандра Баллок  («Гравитация»), Джуди Денч («Филомена») және  Мерил Стрип («Август») сынды әртістердің бірі ие болады.
 
«Үздік шетел фильмі» аталымында бельгиялық «Разомкнутый круг», даттық «Охота», италиялық «Великая красота» лентасы, камбоджиялық деректі фильм «Недостающая картинка», палестиналық «Омар» секілді туындылар бақ сынаспақ.
 
Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың  «Шал» фильмі іріктеуден өтпей қалды.
 
Марапаттау рәсімі 2 наурыз күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. «Оскар» жеңімпаздарын АҚШ-тың Кинемотография өнері және ғылым академиясының 5856 өкілі анықтайды.

Хабарламаларға жазылу