Отандық «Ұлы дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық «Ұлы дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткер

03.12.2020

«Алтын глобус» премиясында «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымының тізіміне енген «Ұлы дала зары» фильмі енді төрткүл дүниеге әйгілі «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қатарына қосылды. Қорытындысы ақпанда белгілі болмақ. Отандық фильм ашаршылық тақырыбын арқау еткен.

Қазақ халқының басынан өткен қасіретті кезең баяндалатын кино онлайн форматта көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, фильмге дайындық барысында Жетісу жерінде өткен түсірілім алаңдарында жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау көрсетілген. Көпшілік әлеуметтік желілерде қуанышты жаңалықты бөлісіп, оның таралуына үлес қосуда. Сондықтан, тарихи фильм – «Ұлы дала зарын» халық туындысы ретінде есептейміз, дейді кинокомпания продюсері.  

Нұрхан Нұрланұлы


Ұлы дала зары фильм Оскар

Хабарламаларға жазылу