Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары биыл аяқталмауы мүмкін. Себебі, ұшып-қону жолағы толық дайын болу үшін тағы 9,3 млрд теңге керек.
Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бері Павлодарға ұшақ қатынамайды. Ал әуежайдағы ұшып-қону жолағын кеңейтіп, жаңартуға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған болатын. Былтыр 4,8 млрд бөлініп, оған қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл небәрі 2,3 млрд теңге берілді. Әзірге жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бірақ қаржы бөлінбесе тоқтауы әбден мүмкін.
Нариман Омар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда бізге жобаны аяқтау үшін 9,3 млрд теңге қажет. Арнайы бюджеттік өтінім Көлік министрлігіне жіберілді. Бірақ қазіргі таңда осы жылға 2,3 млрд теңге бөлінді. Сол қаражатпен және мердігер өз қаражатын қосып жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Болат Аманбаев
