Басты Жаңалықтар «Қайрат» VS «Реал Мадрид»: Жанкүйерлер аймағы болмайды

«Қайрат» VS «Реал Мадрид»: Жанкүйерлер аймағы болмайды

UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч үшін жанкүйерлер аймағы қарастырылмаған. Яғни, тарихи кездесуге билет алып үлгермеген алматылық футболсүйер қауым ойынды үйде, теледидар арқылы тамашалайды. Өйткені қала әкімдігі де, «Қайрат» футбол клубы да мұндай шара ұйымдастырылмайтынын хабарлады. Бұған дейін билет сатып алу үшін сату платформасына 1 миллионнан аса адам кезекке тұрғанын айтқан едік. Бұдан бөлек Орталық стадион басшысы матчқа нысан толық дайын екенін мәлімдеді. Орындықтар да ауыстырылып жатқанын жеткізді. Алаңдағы көгалға тәулік бойы күтім жасалып жатыр деді. Кеше UEFA өкілдері алаңды көзбен көріп, оң бағасын берген.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч 30 қыркүйек күні, кешкі сағат 21:45-те басталады. Ойынды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Бөлісу