Жұмыссыз азаматтардың МӘМС-ке қатысу мүмкіндігі артады
Келесі жыл республикалық бюджеттен өңір әкімдіктеріне 32 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат жұмыссыздар мен әл-ауқаты төмен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қосымша 1 миллионға жуық азамат жоспарлы медициналық көмекпен қамтылады. Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға және жалпы ұлттық әл-ауқатты арттыруға сеп болмақ. Жүйенің тағы бір жаңашылдығы енді жоғарғы шектеу алынып тасталады.
Ләззат Шоманова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:
Қазіргі таңда ол жоғарғы шектеу ең төменгі жалақыға тең болатын. Шамалы теңсіздік болатын. Мысалы, 200 мың теңге алатын адам 4 мың төлейтін болса, 850 мың алатын адам ол 17 мың теңгеден аспайды. 2 млн алса да, 17 мыңнан аспайтын. Енді сол әділеттілікті қайтадан орнатып, жоғарғы деңгей алып тасталып отыр. Ол осы жүйеге 200 млрд теңгедей алып келеді. Жаңа жүйеге 1 млн адам келеді дедік қой. Сол жарналарына да, бәріне жетеді деп ойлаймыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58