Әлемді өзіне қаратқан Әйгерім Алтынбек елге оралды
Италияның Портофино қаласында ел абыройын асырған Әйгерім Алтынбек елге оралды. Өнерімен талайды тамсандырған опера әншісі XI Халықаралық CLIP 2025 байқауында тарихи жеңіске жеткенін айтқан едік. Әлемдік сайысқа 200 өнерпаздан өтінім келіп түскен. Тек 10 қатысушы ғана ақтық сынға шығып, 3 кезеңде сыналған өнерпаздар арасынан Әйгерім Алтынбек гран-приге ие болған. Одан бөлек, отандасымыз көрермен көзайымы атынып, «Үздік әйел дауысы» жүлдесімен жаһанды өзіне қаратты.
Әйгерім Алтынбек, опера әншісі:
Өзім 5 жасымнан бастап өлең айтамын. Анам ең алғашқы ұстазым. Мектеп қабырғасында жүрген кезде ән айтуға баулыған. Одан кейін анамның ықпалымен музыкалық мектепке түстім. Анам бойымдағы талантты байқаған болуы керек. Осылай CLIP конкурсына жеттім. Тәжірибе мен тоқтамай еңбектенудің арқасында осы күн бұйырды деп ойлаймын.
Алдияр Айтбай
Автор
Алдияр Айтбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58