Алматыда құс фабрикасындағы өрттен бір адам көз жұмды
Алматы облысында құс фабрикасынан өрт шығып, бір адам қаза тапты. Қызыл жалын Түймебай ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан тұтанған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның мәйітін тапқан. Үлкен аумаққа таралған отты өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. Жақын маңдағы нысандарға өрттің таралуына жол берілмей, 450 шаршы метр аумақты шарпыған жалын толығымен сөндірілді.
Азамат Әлғожаев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған факті бойынша Алматы облысы ТЖД-нің анықтау бөлімі Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58