СҚО-да мұғалімдер мектептегі интернет қызметінің ақысын төлеген
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Горький ауылдық мектебінің мұғалімдері өздері интернет роутер орнатқызып, ай сайынғы абонеттік төлемді жалақыларынан өтеп отырған.
Өйткені мектептегі интернеттің күнделік платформасын ашуға да жылдамдығы жетпеген. Аталған дерек прокурорлар жүргізген тексеріс барысында белгілі болды. Сонымен қатар бірнеше ауданда мектептерді интернет қызметімен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзылғаны анықталды. Бұл мақсатқа 360 млн теңге жұмсалған. Алайда таңдалған интернет тарифтері мектептегі техникалық талаптарға сай келмей шыққан.
Кенесары Мұхаметжанов, прокурор:
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды және қызметтер құнын төмендету туралы қосымша келісімдер жасалды. Бұл бюджет қаражатының 75,8 млн теңге сомасына негізсіз шығыстарының алдын алуға мүмкіндік берді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58