Дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Енді дәрігерлерге қол көтергендер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, ақ халаттыларға шабуыл жасағандар 2 жылдан 7 жылға дейін сотталады. Егер шабуыл төтенше жағдайда жасалса — 10 жылға дейін жаза қарастырылған. Ал бір емес, бірнеше рет медицина қызметкеріне күш қолданғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай шешімге осындай оқиғалардың жиілеп кетуі себеп. Соңғы 5 жылда Қазақстанда 170-ке жуық дәрігер соққыға жығылған.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілгелі жатыр. Оған сәйкес дәрігерлерге шабуыл жасағандар 2 жылдан 15 жылға дейін сотталады. Бұл – қажет шара. Жаңа заң қыркүйекте Парламенттің қарауына ұсынылады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58