СҚО-да мал ауруы азайды
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 170 бас ірі-қарадан бруцеллез анықталды. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе аз. Мамандардың айтуынша, алдын алу шараларының нәтижесінде инфекцияның таралу көрсеткіші төмендеген. Соңғы бірнеше жыл бойы облыста бруцеллез бойынша жағдай күрделі болған еді. Ауру мал санитарлық союға жіберіліп, инфекция ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан бері ең көп таралған әрі қауіпті саналатын жұқпалы ауруларға қарсы 3,5 млн вакцина салынған. 715 мың бас малдан сынама алынып, зерттеу жүргізілді.
Нариман Тасболатов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі уақытта бруцеллез бойынша бір қолайсыз пункт бар. Ол Айыртау ауданы Сырымбет ауылында тіркелген. Яғни, ол бойынша республикалық эпизотиялық жасақпен сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58