Елімізде геологиялық барлау жұмыстарына биыл 30 млрд бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде геологиялық барлау жұмыстарына биыл 30 млрд бөлінеді

22.07.2025

Биыл елімізде геологиялық барлау жұмыстарына 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр айтты. Бүгінде мыс, алюминий, мырыш, темір сынды металлдарға сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Жоспар жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың есебінен жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ сала цифрландырылмақ. Өйткені, бұл заман талабы әрі жұмыс өнімділігі артады. Қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді. Бүгінде индустрияға 4.0 құралдарын енгізу, автоматтандыру, үлкен деректер мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы саланы цифрландыру белсенді жүргізіліп келеді. Бүгінде жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 14%. Бұл көрсеткішті арттыру керек. Тиісінше биыл құны 1,6 трлн болатын 190 жоба іске қосылмақ. 

Нұрсұлтан Тілектес  

Хабарламаларға жазылу