Алматыда контрабандамен айналысқандарға қатысты айыптау үкімі шықты
Алматыда Қытайдан Қазақстанға, халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге 1 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу барысында олардың елімізге 100-ден астам контейнерді заңсыз кіргізгені анықталды. Сондай-ақ олардың бақылауындағы 10 ЖШС арқылы жалған шот-фактуралар жазылған. Мемлекетке келтірілген шығын есебі 10 млрд теңге. Сотқа дейінгі тергеп тексеруде 643 млн теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі тауарлар мен мүліктерге шектеу қойылды.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау мұнай өңдеу зауытына – 80 жыл
06.09.2025, 17:27

Экономиканы әртараптандыру: Алматыда жыл соңына дейін 12 жоба іске қосылады
06.09.2025, 17:22
Жамбыл облысында экспорт көлемі екі есе артты
06.09.2025, 17:19
Әлеуметтік көмек алу үшін құжат жасатқандар ұсталды
06.09.2025, 17:14
Бас прокуратура: Қ. Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды
06.09.2025, 17:11
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24
«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05