Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін

Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін

Украинада соғыс аяқталса, оның жеріне қауіпсіздік кепілдігі аясында шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін. Мұны бүгін Президент Владимир Зеленский Еуропа кеңесінің президенті Антонио Костамен Ужгородта өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Қыркүйектің 4-де Франция президенті Эммануэль Макрон айтқандай, әлемнің 26 елі Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде еткен. Олар Киевке халықаралық әуе, теңіз және құрлықтық күштерді ұсынып отыр.

Дегенмен бұл идеяға Кремль қарсы. Жұма күні президент Владимир Путин ескерткендей, Украина аумағына орналастырылған кез келген батыстық әскер Ресей армиясының нысанасына айналады.

Бөлісу