Жаңа Салық кодексі: Әлеуметтік саладағы өзгерістер
Келесі жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады. Бұл да Мемлекет басшысы бүгін қол қойған Жаңа салық кодексінің игілігі. Қолданыстағы Салық кодексіне сай, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері кіріс деп танылып, 10% жеке табыс салығы салынады. Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескерген үкімет мүшелері бұл төлемдерді жеке табыс салығынан босату туралы шешім қабылдаған. Бұл өз кезегінде зейнет жасына жеткен азаматтардың жүктемесін азайтпақ. Ал мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік салықтық шегерімдердің мөлшері өсті.
Ерлан Сағнаев, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры:
Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салықтық шегерімдердің мөлшері өсті. Бұрын бұл шегерім 882 АЕК көлемінде болса, енді 5000 АЕК көлеміне дейін ұлғайтылып отыр.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58