Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы іске қосылады

18.07.2025

1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы іске қосылады. Енді жеке меншік мектептерінің тәрбие жұмысы да мемлекеттік оқу орындарымен бірдей болмақ. Бағдарлама үйлестірушісі – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы әріптестікті күшейтуді көздейді. Барлық мектеп үшін бірыңғай стандартты визуал әзірленеді. Тәрбие жұмыстары тақырыпқа сай, құзырлы органдармен бірігіп өткізіледі. Оқу процесіне «Өнегелі 15 минут» күй түріндегі қоңырау, ұлттық ойындар сияқты форматтар енгізіледі. Сонымен қатар буллингтің, құқық бұзушылықтың және балаларға қауіп төндіретін басқа да жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жобалар жалғасады.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу