Перизат Қайрат ісі: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 3 млн-ға жуық қаржы жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перизат Қайрат ісі: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 3 млн-ға жуық қаржы жіберген

17.07.2025

Ата-аналар мен оқушылар Перизат Қайрат басқарған қорға 2 млн 900 мың теңге жіберген. Бұл туралы бүгін кезекті сот отырысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі айтты.

«Балалар бірнеше ай бойы қайырымдылық жәрмеңкесінде өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сатып, ақша жинады. Бұл оқиға бізге де ауыр тиді», - деді мектеп әкімшілігі. Бұған Перизат: «Біз де тасқын кезінде көп жұмыс істедік. Ата-аналар мен балалардың ақшасы мақсатты жұмсалды», - деп жауап берді.

Осылайша бүгін де жәбірленушілер тыңдалды. Бірақ сот басталғаннан шамамен бір сағаттан кейін Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваның денсаулығы сыр берді. Ол қан қысымының көтеріліп, қиналып тұрғанын айтты. Судья бірнеше сағатқа үзіліс жариялады.

Кейін белгілі болғандай, айыпталушыға жедел жәрдем қызметі көмек көрсеткен. Қазір жағдайы жақсы. Сот отырысы жалғасып жатыр.

Жанел Өтеулі


Хабарламаларға жазылу