Бүгін - ұлы Абайдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ұлы Абайдың туған күні

10.08.2018

Соған орай Астанада бірнеше шара ұйымдастырылды.  Абай ескерткішінің маңында ұлы ақынның 173 жылдығына арналған «Абай - бүкіл халық пен бүкіл адамзат баласы» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Мерекелік жиында Абайдың өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Бұл жолғы кешке «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мүшелері де қатысты.

Жүру қабілетінен айырылған жандар да өздерінің сүйіп оқитын өлеңдерін айтып берді.  Жиналғандар Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат алып, оқушылардың өнерін тамашалады. «Абай оқулары» байқауы жеңімпаздарының өнері кештің ажарын аша түсті.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу