Бүгін – Абайдың мемориалды музейінің ашылған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Абайдың мемориалды музейінің ашылған күні

16.10.2019

Бүгін ұлы Абайдың Семейдегі мемориалдық музейінің құрылған күні. Ұлы ақын атындағы мәдени ошақ 1940 жылы елімізде ашылған алғаш музей. Айтулы күнге орай, музейде «Тарих және Тұлға» атты көрме ашылды. Оған Қазақстанның әр қаласындағы мұражайлардан ең құнды жәдігерлер қойылды. Ұлы тұлғалармен байланысты түрлі құндылықтарды семейліктер екі күн бойы ташалайды. Сондай-ақ еліміздегі мұражай қызметкерлерінің қатысумен «Ұлы даланың Ұлы есімдері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтпек.

Жандос Әубәкіров, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры:

Сонымен бірге осы Абай мемлекеттік қорық-музейінің өзінің қорынан да көрмеміз бар. Яғни бүгінгі біздің басты іс-шарамыз, Қазақстанды әдеби музейлердің, аса көрнекті тұлғаларға, Ұлы тұлғаларға арналаған музейлердің жәдігерлерін Семей жерінде көрсету.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу