Шанхай қаласында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің кинофестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай қаласында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің кинофестивалі өтеді

08.08.2018

Қазан айында Шанхай қаласында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің кинофестивалі өтеді. Оған Қазақстан атынан 10 туынды қатысады. Бұл туралы осы байқауға қатысушы компаниялардың бірі хабарлады. Кинофестиваль бұрын қытайлық режиссерлер үшін ғана ұйымдастырылса, биыл Жібек жолы бойындағы елдер де қатысуға мүмкіндік алған. Ресей мен Түркия және Қазақстаннан 20 фильм байқауға қатысатынын растаған. Байқау Қытай көрермендеріне Қазақ елін танытуға мол мүмкіндік бермек.    

Мұхамед-Расул Көздібаев, кинокомпания жетекшісі:

- Біздің компания атынан 20 фильм апарамыз. Оның ішінде осы Жібек жолы бойындағы елдер Ресей мен Түркия бар. Қазақстанның атынан 10 кино апарғымыз келеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу