Қытайда «Жібек жолы» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда «Жібек жолы» фестивалі басталды

27.09.2014
Қытайда «Жібек жолы» фестивалі басталды
Қытайдың Сиань қаласында  бірінші Халықаралық «Жібек жолы»  мәдени фестивалі өтіп жатыр. Оған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бірнеше  мемлекет өкілдері қатысуда. Оншақты күн бойы өтетін мәдени шарада әр ел өзінің ұлттық өнерімен қалың жұртты көзайым етеді. 
 
Қазақстандық делегация Шаньси провинциясына келіп, алдымен   жергілікті әкімшілік және мәдениет басқармасының өкілдерімен  кездесті. Онда екі жақты мәдени ынтымақтастық сөз етілді. 
 
Айта кетейік, ертең оннан астам мемлекет өнерпаздарының қатысуымен үлкен концерттің шымылдығын біздің өнерпаздар ашады. 
 
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу