Ұлы Жібек жолы бойында мәдени жобалар жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Жібек жолы бойында мәдени жобалар жүзеге асырылуда

10.12.2014
Ұлы Жібек жолы бойында мәдени жобалар жүзеге асырылуда

Оған Қытай, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Ресей сияқты бірқатар мемлекеттерден арнайы делегациялар қатысып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің мәдени-гуманитарлық, достық қарым-қатынастары мәселелеріндегі өзекті ойларды ортаға салуда. 

Халықаралық форумда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиынның ашылу құрметіне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын жеткізді.

Шараға қатысушы музей, театр басшылары, ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері, танымал саясаткерлер, халықаралық ұйым өкілдері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері осыған орай өздерін толғандырған мәселелерді баяндады.

Қатысушылар қазіргі таңда Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын  сақтау үшін алдыңғы қатарлы  заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, туризм мен мәдениет кластерлерін дамыту, көне тарихи ескерткіштерді бірлесе қорғап, сақтау сияқты бірқатар көкейкесті мәселелер туралы ойларымен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу