Испания астанасы Мадридте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Астана күніне арналған салтанатты концерт өтті. Мәдени шараны «Отандастар қоры» мен Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі және Түркістан облысының әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған. Өнер кешін 300-ден аса адам тамашалады. Қатарында Еуропада тұратын қазақ диаспорасы мен «DearsDimash» фан-клубының мүшелері, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері де бар. Ән мен биден бөлек «VK KERBEZ» қазақстандық этнодизайнерлерінің ұлттық нақыштағы сән көрмесі көрерменге ұсынылды. Бұл мереке шетелдегі қазақтарға туған елдің тынысын сезіндіріп, рухани байланысты нығайту бағытындағы маңызды қадам болды, дейді қатысушылар
Клара, Валенсия қаласының тұрғыны:
Керемет, басқа сөзім жоқ. Қазақ екенімізді есімізге салды. Жастарға көп-көп рахмет.
Махаббат, Мадрид қаласының тұрғыны:
Бүгін сондай бір ерекше кеш болды. Шабыттандырды, өз елімізді, жерімізді еске салып, түп тарихымызбен таныстырды.
Дамир Нұрмұхамет
