Маңғыстауда 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Маңғыстауда 90 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде жер учаскелерін заңсыз беру, жағалауды өз бетінше иелену және жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау деректері анықталған. Мысалы, Ақтауда теңіз жағалауында рұқсатсыз иемденген 9 жер учаскесі кері қайтарылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығына алынып, бірақ іс жүзінде пайдаланылмаған 83 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын жер учаскелері қайтарылды.
Мағжан Бегендік, облыстық Прокуратураның үшінші басқармасының аға прокуроры:
Қалалық әкімдікпен заңды тұлғаға игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 га жер табысталғанын анықтадық. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек, Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталды. Бұлардың барлығына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен жеңілді
08.09.2025, 10:28

Шуйское - инфрақұрылымы дамыған үлгілі ауыл
08.09.2025, 10:23
Атыраулық оқушы жолдағы шұңқырларды анықтайтын құрылғы ойлап тапты
08.09.2025, 10:19
Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?
08.09.2025, 10:17
2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады
08.09.2025, 10:15
BBC: Трамп Ресейге қарсы санкциялардың екінші фазасын жариялауға дайын
08.09.2025, 10:14
Жапонияда Үкімет басшысы Исиба отставкаға кететінін жариялады
08.09.2025, 10:12
Палестинаны қолдауға арналған шеруге 110 мың адам қатысты
08.09.2025, 10:08