BBC: Трамп Ресейге қарсы санкциялардың екінші фазасын жариялауға дайын
Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялардың екінші фазасын жариялауға дайын. Би-би-си-дің хабарлауынша, мұны Құрама Штаттар лидері Нью-Йоркте теннистен өткен Ашық чемпионатқа бара жатқанда мәлімдеді. Айта кетсек, Трамп әкімшілігі тамызда бірінші фаза аясында Ресей мұнайын сатып алғаны үшін үндістандық тауарларға кедендік салықты 50 пайызға көтерді. Трамп Украинада бейбітшілік орнату процесінде жеткілікті прогресс байқалмаса, Вашингтон Мәскеуге қарсы санкцияларды тіпті күшейтетінін де айтты. Сонымен қатар, Трамп дүйсенбіде немесе сейсенбіде еуропалық лидерлер АҚШ-қа барып, онымен Украина мәселесін талқылайтынын атап өтті. Трамп алдағы екі күнде Ресей президенті Владимир Путинмен де сөйлесуді жоспарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00