Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?

Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мектеп сөмкесіне қатысты ата-аналарға үндеу жасап, оқушыларға арналған сөмкелерді қалай дұрыс таңдау керектігін айтты. Нормаға сәйкес салмақ: 1–3 сыныпқа — 2  келіге дейін, 4–5 сынып — екі жарым келіге дейін, 6–7 сынып оқушылары үшін үш жарым, 8–11 сыныптағыларға — төрт жарым келіге дейін салмақта болу керек. Мамандар сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс екенін ескертті. Сондай-ақ, мамандар кең әрі жұмсақ төсемді белдіктері бар, арқасы ортопедиялық болып келетін сөмкелерді таңдауға кеңес береді.

Бөлісу