Жапонияда Үкімет басшысы Исиба отставкаға кететінін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жапонияда Үкімет басшысы Исиба отставкаға кететінін жариялады

Жапонияда Үкімет басшысы Исиба отставкаға кететінін жариялады

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кететінін жариялады. Оның мұндай шешім қабыдауына парламенттік сайлауда Либералдық-демократиялық партияның жеңіліске ұшырауы себепші. Жапонияда жалпыхалықтың сайлау шілдеде өтті. Оның нәтижесінде Исиба жетекшілік ететін коалиция жоғарғы палатадағы басымдығынан айрылып қалған. «Асахи Симбун» газетінің хабарлауынша, сол науқаннан кейін жапондық саясаткерлер үкімет басшысынан қызметтен кетуді талап ете бастаған.


Бөлісу