ШҚО-да өзен жағасы қоқыстан тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өзен жағасы қоқыстан тазартылды

04.07.2025

Шығыстағы Үлбі көлінің жағасы қоқыстан тазартылып жатыр. Бұл Шемонайха қаласының іргесінде. Сондықтан жыл он екі ай туристер де үзілмейді. «Таза жағалау» экологиялық акциясына қала тұрғындары да қолғабыс етті. Жағажайға демалуға келгендерден қалған күл-қоқыс пен қалдықтарды жинады. Талай жылдан бері жиналған қоқыс өзеннің экожүйесіне де кері әсерін тигізеді. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған акцияға волонтерлар ұйымы мен эко белсенділер қатысты.

Маргарита Савинова, Шемонайха аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:

Біз жыл сайын Үлбі өзенінің бойын аз дегенде 5 рет шығып тазалаймыз. Оған эко-белсенділер және аудандағы жастар ұйымының мүшелері қатысады. Бұл реттік акция ғана емес. Үнемі өткізіп тұрамыз нәтижесінде жағадайлар таза тұрады.

50 заманауи қоқыс таситын көлік қолданысқа берілді

Ал Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 50 заманауи қоқыс таситын көлік қолданысқа берілді. Шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Алматы қаласының әкімі қатысты. Жаңа қоқыс таситын көліктерді сатып алу қалдықтарды шығару тиімділігін арттыруға, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және шамамен 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобаны қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жүзеге асырылып отыр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Жеңілдетілген несие алып отыр бұл компания. Бар-жоғы 3%-бен, 7 жылға, міне, 50 дана техника келді. Осы қалада 230 дана техника жасайды екен. 70% қалдық осы компаниямен жиналады екен. Міне, бүгін осылардың жұмыстарына жалпы қаланың экологиясын жақсартуға ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.

Олжас Керейхан

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу