Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғанда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 20-дан аса жұмыс беруші қатысып, 200-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып, келушілерге кеңес берді.
Еңбекке жарамды, мүгедектігі бар азаматтар мен бұрын сотты болған тұлғаларға да лайықты жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар тұрғындарға қысқа мерзімді оқуға, кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу ұсынылды.
Былтыр облыс орталығында 8 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл бұл көрсеткішті жаңарту жоспарланған. Қалада өндіріс орындары кеңейіп, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Сәйкесінше, жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс та артып келеді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстар мен маусымдық кәсіп түрлеріне де жұмыс күші қажет.
Аманжол Қожекенов, тұрғын:
«Кез келген жұмысты істеймін. Кредитті жауып тастасам болды. Қандай жұмыс ұсынады — көреміз. Негізі жұмыс істеп жүрмін, бірақ өз мамандығыммен емес».
Дамир Нұрмұхамет
