«Таза бейсенбі»: Алматыдағы Желтоқсан саябағы тазартылды
Алматыда «Таза бейсенбі» акциясы Түрксіб ауданындағы Желтоқсан саябағында өтті. Тазалық пен абаттандыру жұмыстарына аудандағы белсенді тұрғындар, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер және «Amanat» партиясының өкілдері қатысты. Жалпы саны 200-ге жуық адам бірлесіп, табиғатты қорғауға үлес қосты. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған акция барысында саябақ аумағы қоқыстан және арамшөптерден тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар мұндай бастамалардың экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыра түсетініне сенімді.
Дидар Ерменбаев, №28 қалалық емхана директорының орынбасары, «Amanat» партиясы БПҰ тқрағасы:
Түрксіб ауданындағы ең үлкен саябақтардың бірі. Аудан тұрғындары осы жерде кешкілік, таңғы кезде отбасымен серуендеп, көп уақытын өткізеді. Сондықтан осындай жерді таза ұстау, саябақтарда қоқыс тастамауды дәріптеу мақсатында таңдап алынды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58