Қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі талқыланды
Премьер-Министр Олжас Бектенов қытайлық компания өкілімен кездесті. Тараптар қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» – Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Премьер-Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделі екенін жеткізді. Серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58