Атырау облысы Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолы жөнделіп жатыр. Соңғы 5 жылда аталған транзитпен қатынау қиындаған еді. Өйткені, ұзындығы 107 шақырымды құрайтын жол әбден тозған. Жөндеу жұмыстары осыдан тура 1 ай бұрын басталды. Қазір 8 шақырымға жуық аумаққа жаңадан асфальт төселді. Биылға тек 30 шақырымын бітіреміз дейді мердігер. Қалған жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.
Талғат Сләмбеков, мердігер мекеме өкілі:
Ені 7 метр, асфальттың қабаты екі төсеммен болады. Бірінші ірі қабаты 6 см. Екінші қабаты 4 см болады.
Сонымен қатар Миялы-Тайсойған жолы жуырда жөнделіп бітеді. Ал жалпы облыс бойынша биыл 250 шақырым жол жөнделеді. Олардың басым көпшілігі тасқын кезінде бүлінді. Сондай-ақ біраз жыл жөндеу көрмеген республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолы да жөнделмек.
Ержан Қайноллаев, облыстық Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқарма басшысының міндетін атқарушы:
Жалпы жолдарға биыл облыстан 51 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді. Ол мына қаланың ішін, ауылдың және барлық елді мекендерді трансферт арқылы қаржыландырамыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
