Еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болады

02.07.2025

Алдағы бірнеше күнде еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды. Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағанасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өрт қаупі жоғары болатынын ескертеді. Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарының кей өңірлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, күн күркірейді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбеде жел екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу