Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында 18 емдеу мекемесі мен 3 мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ Қаратал ауданына қарасты Ұмтыл ауылында су құбыры тартылды. Оған 291 млн теңге қаржы бөлінді. Күзге қарай ауылға таза су беріледі.
Саятхан Нүкебаев, мердігер компания өкілі:
Қазір ауылдың ішінде су құбырлары 3 км 150 метр тартылған, дайын. Ауылдан осы мұнараға дейін 800 метр, ол да дайын. Тек қана жұмыстарды алаң ішінде жүргізіп жатырмыз. 1-1,5 ай ішінде бітіруге тырысамыз.
Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан тағы бір нысан - Дөнші ауылындағы медициналық пункт. Бұл емдеу мекемесі шалғайдағы ауыл тұрғындарының маңызды мәселесін шешті. Жұрт енді 150 шақырым жердегі аудан орталығына сабылмайды. Ғимаратты салуға 117 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Болат Төлеген, ауыл тұрғыны:
Ауданға жету үшін де, мысалға, кейбір жерде асығыс-үсігіс, кейбір жерде жедел жәрдем көрсету керек. Сол уақытта бізге мұның барлығы керек. Бұл жасап жатқан өте маңызды дүние деп есептейміз.
Дамир Нұрмұхамет
