Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді

01.07.2025

Елімізде 220 мың адам жасанды интеллект технологиялырын меңгерді. Онлайн өткен оқу бірнеше бағытты қамтыған. Соның бірі - ChatGPT негіздерін 215 мың адам үйренген. Тағы 4 мың адам «QazCoders» IT сабақтарын таңдаған. Ұйымдастырушылар 108 мың қатысушының жоғары баға алғанын айтады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін ЖИ негіздерін 1 миллион адамға үйретуді тапсырды. Бұл ретте Generative Nation бағдарламасының аясында 300 мың студент арнайы сабақтардан өтпек.

Жанел Өтеулі


Хабарламаларға жазылу