Ақмола облысында 5 адам Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 5 адам Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

30.06.2025

Ақмола облысының Атбасар ауданында бес адам Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына жеткізілді. Науқастар – Магдилиновка ауылының тұрғындары. Оларда Сібір жарасының тері түрі анықталған.

Алдымен аудандық ауруханаға ауылдың малшысы түскен. Ол отбасы үшін мал сойғаннан кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Санавиациямен жеткен облыстың штаттан тыс бас инфекционисі науқастарды қарап, оларды облыс орталығына көшіру туралы шешім қабылдаған.

Қазір науқастардың жағдайы қалыпты, жараның жазылу белгілері байқалуда, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әзірге ауыл карантинге жабылған жоқ. Себебі зертханалық зерттеулердің нәтижелері әлі дайын емес. Ошақ аумағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.



Хабарламаларға жазылу