Абай облысында жол апатынан мерзімді әскери қызметтегі сарбаз бен оның ата-анасы қаза тапты. Аягөз қаласында әскери міндетін өтеп жатқан жігітті әке-шешесі демалыстан кейін бөлімге дейін шығарып салмақ болып, жолға шыққан.
Олар мінген көлік белгісіз себептермен қарсы бетке шығып кетіп, соқтығысқан. Көлік оқиғасы салдарынан отбасы мүшелері оқиға орнында көз жұмды.
Қазір қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Тергеу басталды.
