Астанада «Суды үнемдейік!» экологиялық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Суды үнемдейік!» экологиялық шарасы өтті

26.06.2025

Астанадағы мектептердің бірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Суды үнемдейік!» экологиялық шарасы өтті. Балаларға эко сағат ұйымдастырылып, суды үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау, өзен-көлдерді ластамау және қоқысты сұрыптау туралы қарапайым да маңызды ақпарат берілді. Шара барысында оқушылар қасықпен су тасу жарысына қатысып, суды дұрыс пайдалану дағдысын ойын арқылы үйренді. Сонымен қатар, экология тақырыбындағы викториналық сұрақтарға жауап беріп, пайдалы мағлұмат алды. Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, мұндай шаралар балалардың табиғатқа ұқыпты қарауына көмектеседі.

Бақтыгүл Нұртазина, Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей директорының орынбасары:

Мақсаты – оқушыларымызыдың су деген ұғымға қатысты көзқарастарын қалыптастыру, яғни құндылық ретінде суды үнемдеуге, суды ластамай, оған жанашырлық танытып аялауға, қамқорлық сезімін қалыптастыру.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу