Ақын Нұрпейіс Байғаниннің домбырасын шөбересі реставрациялауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Нұрпейіс Байғаниннің домбырасын шөбересі реставрациялауда

26.06.2025

Белгілі жырау, ақын Нұрпейіс Байғаниннің домбырасын оның шөбересі реставрациялап жатыр. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқитын Нұрбек Байғанин тек өз әулеті үшін ғана емес, тұтас қазақ өнері үшін бұл істің маңызы зор екеніне сенімді.

Домбыраны Нұрпейіс Байғанин баласы Момынға арнап жасаған. Жас баланың қолдануына ыңғайлы, мойны қысқа. Алайда көне аспап әбден ескіргендіктен6 бұған дейін де екі мәрте реставрациядан өтіп, шанағы мен ішектері алмасқан. Енді оны жыраудың ұрпағы Ұлттық домбыра күніне орай үшінші мәрте қалыпқа келтіріп жатыр. Жарылған, мүжілген тұстарын өңдеп, өз түсіне қайта боямақ. Бұл - әйгілі жыраудан қалған санаулы жәдігердің бірі. Сондықтан шөбересі оны ешкімге бермей, көзімнің қарашығындай сақтаймын дейді.

Нұрбек Байғанин, Н.Байғаниннің шөбересі:

Әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, үшінші ұрпақ болғасын, немерелерге, шөберелерге жеткізу. Өзім де үйренгім келіп жүр, өйткені бұл қолмен ұстағанда ыңғайлы. Өз қолымен ұстаған үшінші домбырасы. Тығып отырмын, өйткені музей алып кетсе, ұрпақтарына ештеңе қалмайды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу