Биыл 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылды
Биыл 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылады. Олар еңбек етіп қана қоймай, өздері тұратын қала мен елді мекенін көгалдандыруға, абаттандыруға үлес қосады. Сонымен бірге елдің экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді. Істеген жұмысына қарай жалақы да алады. «Jasyl el» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы басшысының айтуынша, қазір бұл шараға жастардың қызығушылығы артқан.
Нұрасыл Бекматов , «Jasyl el» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы:
Жастар тегін жұмыс істемейді, өздерінің жасаған жұмысына белгілі бір көлемде қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта өзінің ауыл-аймағына барынша ағаштарды көбірек отырғызуға, қоқыстарды сұрыптап тастауға экологиялық мәдениеттің жоғары болуына үлес қосып келе жатыр. Қазір біз мемлекеттік мекемелермен бірге жыл сайын жастардың қатысу бойынша квоталарды көбейтуді пысықтап жатырмыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18