Air Astana және SCAT әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды. Таяу Шығысқа ұшу жолы әлі де 6 мемлекеттің әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Air Astana бүгін Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады. Ал, «SCAT» әуе компаниясы азаматтарды Қатар елінен Қазақстанға шығара бастады. «Доха-Алматы» рейсі бүгін Қатардан 213 жолаушыны алып шықты. Сондай-ақ, бүгін «Доха-Астана» рейсі де орындалды. Борт Дохадан 290 жолаушы алып шықты. Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер маусымның 27-сі мен 29-ы күндеріне белгіленіп отыр.
Азамат Бейбітұлы
