Сенат төрағасы Сингапур Президентімен кездесті
Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық және парламентаралық байланысты нағайтпақ. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнаммен кездесті. Тараптар саяси диалог пен екіжақты ықпалдастықты дамыту жайын талқылады. Сенат спикері Қазақстан Парламенті Сингапурмен жасанды интеллект, жасыл экономика бағыттарында тәжірибе алмасуға бейіл екенін жеткізді. Өз кезегінде Сингапур Президенті өзара тиімді серіктестік деңгейіне жоғары баға беріп, барлық бағытта бірлескен жобаларды қолға алуға дайын екенін айтты.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сингапурға соңғы 20 жылда алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапарлар біздің серіктестігімізді одан әрі нығайту жолында жоғары деңгейдегі өзара мүдде мен зор әлеуетті көрсетеді. Қазақстан Сингапур сияқты әлемдік және өңірлік ахуалдың ашықтығы мен теңгерімділігін қолдайды.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58