Елімізде кәсіпкерлердің 48 пайызы әйелдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде кәсіпкерлердің 48 пайызы әйелдер

Елімізде кәсіпкерлердің 48 пайызы әйелдер

Елімізде кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді. Шағын және орта бизнестің 48 пайызы қыз-келіншектердің қолында. Бұл туралы бүгін іскер әйелдерге арналған халықаралық форумда айтылды. Оған вице-премьер Ермек Көшербаев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо және бірқатар алпауыт компаниялардың басшылары қатысты. Тараптар денсаулық сақтау, білім беру, жасанды интеллект бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыру жайын талқылады. Сондай-ақ, еліміздегі барлық салаға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған меморандумға қол қойылды.

Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Әлемде инвестициясыз бірде-бір мемлекет өмір сүре алмайды. Өткен отырыс осы саланы әрі қарай дамытуға өз үлесін береді деп ойлаймын. Үкімет және бизнес қоғамдастықтың алдында үлкен жұмыс тұр.

Жанел Өтеулі

Бөлісу