Ақтөбеде «Айбын-2025» әскери-патриоттық байқауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Айбын-2025» әскери-патриоттық байқауы өтіп жатыр

24.06.2025

Ақтөбеде жастар арасында «Айбын» әскери-патриоттық байқауы өтіп жатыр. Шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан қатысушылар арнайы келген. Сайыстар өтетін жерге 70-тен астам шатыр тігілді. Әр елдің үздіктері алдымен робототехникадан сынға түсті. Одан кейін автоматты бөлшектеп құрастырудан бақ сынасты. Бұл сында маңғыстаулық және қырғызстандық бозбалалар мен бойжеткендер алда болды. Үміткерлер енді садақ ату, кермеге тартылу, денені көтеру, 1000 және 3000 метрге жүгіру және арқан тартыстан сайысады. Әскери-патриоттық турнир ай соңына дейін жалғасады. Жастар слеті Жеңістің 80 жылдығы және Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Мейірбек Меңдіғалиев, республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы ҚБ төрағасы:

Еліміздегі жастарға отанды қорғауға, әскери-патриоттық тәрбиеге жаңа серпін беруде. Сондықтан осындай шара әр өңірде өткізілсе дейміз. Болашақ еліміздің отан қорғаушылары әскерге дайын болады деген үміттемін.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу