Петропавлда қайтарылған активтер есебінен балабақша салынып жатыр
Петропавлдың «Жас өркен» ықшам ауданында қайтарылған активтер есебінен балабақша салынып жатыр.
Жоба құны 1,9 млрд теңге. Мектепке дейінгі мекеме 280 балаға арналған. Нысанның іргетасы биыл ақпан айында қаланды. Жоспарға сай құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен 33 нысан қаржыландырылады. Әлеуметтік жобалар білім беру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі.
Майгүл Елемесова, облыстық құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы:
Бұл жердегі жұмыстар 40 пайызға аяқталды. Қолданылып жатқан құрылыс материалдары барлығы да отандық өнімдер. Балабақшаның жалпы ауданы үш мың шаршы метрден асады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58