Отандық дәрі-дәрмек өндірісіне 63 млн долларға жуық инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл 300 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Бұл жөнінде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің «Polpharma Group» бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесуінде мәлім болды. Тараптар Шымкент қаласындағы «Химфарм» зауытын кеңейту, оған жаңа өндірістік ғимараттар мен зертханалық алаңдар салу бағытындарғы жобаларды қарады. Нарық сұранысын ескере отырып, кәсіпорын жылына 2 млрд бірлік дәрілік заттар өндірісін игеруді жоспарланып отыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді. Премьер-Министр жауаптыларға қысқа мерзімде Жаңа заманауи дәрілік заттар өндірісі құрылысына инвестиция туралы келісім жобасын дайындауды тапсырды. Бұл жобаға бағытталған инвестиция көлемі 63 млн долларға жуықтайды.
Самал Қабышева
