Абай облысында құтырмадан ер адам қайтыс болды
Абай облысында 70 жастағы ер адам құтырма дертінен қайтыс болды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қарияның жағдайы күрт нашарлап, емханаға қаралуға келген. Алайда зерттеу барысында оны 1 ай бұрын құтырған ит қапқаны анықталды. Вирус орталық жүйке жүйесін зақымдап үлгергендіктен, азаматты аман алып қалу мүмкін болмады, дейді дәрігерлер.
Бұл - жыл басталғалы құтырма дертінен қаза тапқан екінші адам. Бірнеше күн бұрын Қостанай облысында әйел адамды үйіндегі мысығы тістеп алған еді. Мамандар құтырманың адам өміріне өте қауіпті екенін еске салады. Дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, екпе салынбаса, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін деді.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32

«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55
Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі
10.09.2025, 17:49