Атырауда мемлекеттік қызметшілер білім бәйгесінде бақ сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мемлекеттік қызметшілер білім бәйгесінде бақ сынады

20.06.2025

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Құқықтық сауаттылықты арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім бәйгесіне мемлекеттік қызметшілерден құралған 6 команда қатысты. Олар заңнама, мемлекеттік қызметшінің этикасы, жемқорлыққа қарсы шаралар тақырыбында білімін сынады. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіп аясында жұмыс істеуіне ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.

 Нұрлан Жахин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Мемлекеттік қызметші, бұл – тек қана жауапкершілік емес. Ол Мемлекет басшысының айтқан «Заң және тәртіп» қағидаттарын ұстануды, берік ұстануды талап етеді. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған брейн-ринг шарасының басты мақсаты – бізідң мемлекеттік қызметшілеріміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім нығайту, дүниетанымын арттыру. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу