Солтүстік Қазақстанда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстанда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют қаласының тұрғындары орталық стадионды қалыпқа келтірді. «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен аудандық әкімдік бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Бірнеше сағат ішінде 40-тан астам қатысушы бір тоннаға жуық қоқыс пен шабылған шөпті жинап, нысанды ретке келтірді.

Серік Қанжығалин, ерікті:

Трибуналарды сырлау, шөп шабу, ағаштарды кесу және тағы басқа жұмыстар атқарылуда. Әрбір жұма сайын біз осындай таза сенбіліктер өткізудеміз.

Эльмира Кәленова


Бөлісу