Ақтөбе облысында құдыққа түсіп кеткен бүлдіршін мен ересек адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында құдыққа түсіп кеткен бүлдіршін мен ересек адам қайтыс болды

19.06.2025

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тереңдігі 10 метр болатын ескі құдыққа 9 жастағы қыз бала түсіп кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған 1987 жылы туған азамат та құдық ішінен шықпай қалды.

Оқиға 17 маусым күні, сағат кешкі 22:00 шамасында Жарлы ауылында болған. Құтқарушылар екі үйге ортақ аулада орналасқан, ішіне қоқыс төгілген құдықтан бала мен ересек адамды ес-түссіз хәлде алып шыққан. Олардың екеуі де жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Белгілісі – 2-3 бала жасырынбақ ойнап жүрген. Олардың бірі беті ағашпен және көлік доңғалағымен жабылған құдық ішіне тығылмақ болған сәтте ары қарай құлап кеткен болуы мүмкін. Оны құтқаруға түскен көрші үйдің тұрғыны да құдық түбіндегі иістен уланып қалған.

Евгений Овчарский, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Құтқарушылар бала мен ересек адамды құдық ішінен алып шықты. Екеуі де есінен танған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда оларды құтқару мүмкін болмады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу