Петропавлда салтанатты шара кезінде төбе опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавлда салтанатты шара кезінде төбе опырылып түсті

Петропавлда салтанатты шара кезінде төбе опырылып түсті

Петропавлда мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі кезінде акт залының төбесі опырылып түсті.

Оқыс оқиға қалалық №9 мектепте тіркелді. Төбе құлаған сәтте нысанда 130 адам болған. Жапа шеккендер жоқ. Мектеп ғимараты 1989 жылы салынған. 150-ден астам бала оқып жүр. Білім ошағында 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген. Шатыр ауыстырылып, ғимараттың төбесі толықтай қапталған. Аталған дерекке қатысты арнайы комиссия құрылады.

Гүлден Әленова, мектеп директоры:

Төбе құлаған сәтте салтанатты шара соңына таяп қалған болатын. Балалардың барлығы сахнада тұрды. Ата-аналар алдыңғы қатарларда отырды. Себін анықтап, ақауды толық жоямыз.

Эльмира Кәленова


Бөлісу